00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алтай Көлгінов Эстония Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

03.05.2024 | 20:02
153
Алтай Көлгінов Эстония Президентіне сенім грамоталарын табыс етті
Фото: дереккөз

Қазақстанның Эстониядағы елшісі Алтай Көлгінов Эстония Президенті Алар Кариске сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Эстония арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және екі елдің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған дәйекті бағытты сақтаудың маңыздылығы туралы хабардар етті.

Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылда, әсіресе цифрландыру, көлік және логистика салаларында тиімді ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екендігі аталып өтті.

Кездесу соңында Эстония Президенті Қазақстан елшісін ресми қызметке кірісуімен құттықтап, Қазақстан-Эстония қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуда зор табыстар тіледі

Барлық жаңалықтар