00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Ғалымдардың мәртебесін көтеруге бағытталған заң мақұлданды

18.04.2024 | 14:02
96
Ғалымдардың мәртебесін көтеруге бағытталған заң мақұлданды
Фото: дереккөз

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады. Сондай-ақ өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлады Elorda.info.

Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралып, мақұлданды. Жаңа нормалар ғалымдардың әлеуметтік кепілдіктерін жақсартуға және ғылымда қаржы ресурстарын пайдалануды оңтайландыруға бағытталған.

Палата төрағасы заң Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында белгіленген міндеттерді іске асыру үшін әзірленгенін, сондай-ақ, оған Парламент депутаттары бастамашы болғанын атап өтті.

Жаңа нормалар ғалымның мәртебесін көтеруге, ғылыми қызметкерлерді ынталандыруға және талантты жастарды ғылыми қызметке тартуға бағытталып отыр. Атап айтқанда, заң ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын мұғалімдердің негізгі жалақысына қосымша ақы белгілеуді көздейді. Сондай-ақ жетекші ғалымдарға ғылыми жұмыстарды аяқтау үшін ақылы шығармашылық демалыс алу құқығы қарастырылды. Мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтарға да жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдіктер беріледі. Мақұлданған заң отандық ғылымды және еліміздің білім беру жүйесін одан әрі дамытуға оң септігін тигізеді деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Барлық жаңалықтар