00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Юлия Путинцева Astana Open турнирін сәтті бастады

24.02.2023 | 15:11
Елорда ақпарат
48

Елімізде алғаш рет осындай жоғары деңгейде өтіп жатқан жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бірінші айналымда рейтингіде 162-орында тұрған грузиялық Екатерина Горгодземен кездесті.

Ю.Путинцева қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен оңай ұтты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Горгодзе 1 эйспен шектеліп, брейкке қол жеткізе алған жоқ.

Ю.Путинцеваның келесі қарсыласы - Беларусь өкілі, рейтингіде 408-сатыдағы Вера Лапко. Ол бастапқы кездесуінде германиялық Юле Нимайерді ұтты - 7:5, 4:6, 6:4.

Барлық жаңалықтар