00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Азия чемпионаты: Жартылай финалға 13 боксшы шықты

03.05.2024 | 09:56
Қанат Байұзақов
207
Азия чемпионаты: Жартылай финалға 13 боксшы шықты
Фото: дереккөз

Бокстан Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында отандық құраманың барлық мүшелері  жартылай финалға өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Бокстан елорда төрінде алғаш ұйымдастырылып жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері өз мәресіне жетті. Жарыс күнінің қорытындысы бойынша ерлер құрамасы толық құрамда 1/2 финалға жолдама алды.

Жартылай финалға шыққан мемлекеттер:

Қазақстан – 13;

Өзбекстан – 10;

Үндістан – 10;

Қырғызстан – 3;

Тәжікстан – 3;

Моңғолия – 3;

Филиппин – 3;

Иран – 3;

Таиланд – 1;

Қытай – 1;

Ауғанстан – 1;

Иордания – 1.

Қазақстан құрамасының физикалық жаттығуына жауапты  Донатас Янушевичюс құраманың аяқ алысы туралы өз ойымен бөлісті.

Жартылай финалға шықсақ та, әлі толық қорытынды жасауға ерте. Бастысы, боксшыларымыздың барлығы жарақаттан аман.

Жалпы көптеген спортшылардың таланты бар. Болашақта әлем, Азия чемпионы атануға толыққанды лайық.

Бұған дейін АҚШ-та кәсіпқой бокс саласында жүрдім. Сол жақта Марат Жакиевпен танысып, артынша Қазақстанға шақырту алдым. Алғаш келгенде жігіттердің тәртіпке басты мән беретіндігі ерекше көзге түсті. Еңбек, спорттық мінез, жаттығуға деген жауапкершілік қазақ боксшыларының бойында бар. Жаттығудан тыс, ұйқы мен тамаққа да тыңғылықты көңіл аударады.

2023 жылға дейін кәсіпқой бокстағы 1-2 жекелеген спортшыларға ғана жаттықтырушы болып келдім.  Қазақстанға келгенде бірден ұлттық құрамаға жауапты болдым. Артынша кәсіпқой бокстағы жаттығу үрдісін осы әуесқойға да кіргіздім. «Ақбұлақ», «Алматау» олимпиадалық дайындық орталықтар барлық талаптарға сай. Бұл да өз кезегінде алаңсыз, нәтижелі жаттығуға өз әсерін тигізеді.

Дегенмен әлі де көптеген жоспарлар бар. Жылдамдық, шыдамдылық, аяқта қимылдау, күш-қуат т.б. одан әрі арттыруды қалаймын,- деді жаттықтырушы. 

Бүгін жастар санатындағы боксшылар жартылай финалдық айқастарын өткізеді.

Айта кетейік, жарыс 7 мамырға дейін жалғасады.

Барлық жаңалықтар