00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

31.03.2023 | 22:28
Елорда ақпарат
55

Астанада 10-12 ақпан аралығында жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Х Азия чемпионаты өтеді. Ауқымды іс-шараға 500-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлады Elorda.info.

Чемпионат «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді. Жарыс Азия жеңіл атлетика қауымдастығы күнтізбесіндегі ең маңызды жеңіл атлетикалық іс-шараларының бірі.

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Азия чемпионаты ТМД елдері аумағында алғаш рет өткізілуде. Жарысқа 30-дан астам елден келген спортшылар қатысады деп жоспарлануда.

Байрақты бәсекеде спортшылар жүгіру, лақтыру, секіру және көпсайыс секілді 26 спорт түрінен сынға түседі. 

Жарыстың ашылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Әл-Хамад, ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығының кеңес мүшелері, Азия елдері федерацияларының басшылары, сондай-ақ еңбек сіңірген спортшылар мен қазақстандық спорт қайраткерлері қатысады.

Барлық жаңалықтар