00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандық параспортшы жеңіл атлетикадан Гран-приде жеңіске жетті

31.03.2023 | 23:37
Елорда ақпарат
58

Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында қазақстандық Руфат Хабибуллин F-64 классында найза лақтырудан 41,83 м қашықтықты көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Екінші орындағы Камерун спортшысы 40,93 м нәтижесін көрсетсе, үшінші орын 32,71 м көрсеткішімен Маврикий спортшысына бұйырды. 

Айта кетсек, пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясы Дубай қаласында өтуде. Жарысқа әлемнің 61 мемлекетінен 545 спортшы қатысуда.

Барлық жаңалықтар