00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Aстана марафонында кім топ жарды?

03.09.2023 | 11:30
79
Фото: Қанат Байұзақов

2015 жылдан бері дәстүрге айналған «Астана марафоны» кезекті рет өтті деп, хабарлады Еlorda.info

Таңғы 6-дан бастап EXPO кешенінің маңына жиналған жеңіл атлетшілердің саны 2000-нан асты. Олардың арасында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев та болды.

астана мар.jpg

Шараның ашылу салтанатында сөз алған Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ басшысы Самат Жылқыбаев қатысушыларға өз сәттілігін тіледі:

«Өздеріңізді бүгінгі халықаралық «Astana Marathon 2023» көргеніме қуаныштымын. Астана қаласында дәстүрге айналған халықаралық «Astana Marathon 2023» ауқымы кеңейіп келеді. Көптеген жылдар бойы Astana Marathon шарасына әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіпқойлар мен әуесқойлар қатысып келеді. 
Биыл да Астанаға Австралия, Ұлыбритания, Германия, Польша, Португалия, Ресей, Испания, АҚШ, Нидерланды, Өзбекстан және Оңтүстік Корея елдерінен, сондай-ақ Қазақстанның жиырмадан астам қаласынан марафоншылар қатысып жатыр. Әуесқойлар үшін Бостон марафонына қатысуға, кәсіпқойлар үшін Олимпиада жолдамасын иеленуге мүмкіндік беретін «Astana Marathon 2023» бүгінде ерлер мен әйелдер санатында ресми түрде Орта Азиядағы ең жылдам жарыс атанып отыр.

Шынайы пейілдеріңізбен бүгінгі жексенбінің таныңда ұйымдастырылған шараға қатысуға белсенділік танытқандарыңызға алғысымды айтамын. Өздеріңізді бүгінгі марафонның межесіне жеңіл жетулеріңізге сәттілік тілеймін. Жүгіруді дағдыға айналдырған тұрғындарымыздың саны арта берсін!»

Астана мар 1.jpg

Қатысушылар 10 және 42 шақырым қашықтықта бақ сынады. Статистикалық көрсеткішке назар аударсақ, биыл марафоншылардың саны былтырғыдан қарағанда (2022 жылы — 2700) төмен.

Биылғы жылдың марафонында қандай ерекшелік бар? Бұл сұраққа «Аstana Marathon» жобасының басшысы Гаухар Брамлей-Фентон өз жауабын айтты:

«Бүгін 42 шақырым қашықтықта 275 марафоншы қатысса, қалғаны 10 шақырымда бақ сынады. Ауа-райы өте қолайлы болды. Ерекшелік ретінде желаяқтарымыз жаңа бағыт бойынша жүгірді. Трасса бағыты ауысқанымен, өзіндік рекордты жаңартуға өте қолайлы».

Жауап барысында Гаухар Бармлей-Фентон Астана қаласында тоқтаусыз салынып жатқан жаңа тұрғын үй-кешендеріне байланысты өз пікірін білдірді.

«Елордамызға қоныс аударатындардың саны жыл сайын 50 мыңнан асады. Нәтижесінде жаңа үйлер тұрғызылады. Бірақ марафоншылар бұл өте қолайлы. Өйткені ғимараттар қатысушыларды желден қорғап, рекорд орнатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде олар Бостон, Берлин, Токио т.б марафонына қатысуына мүмкіндік алады».

2022 жылдың жеңімпаздарының уақыты: Аман Нұркелді - 2:40:58, Әсел Қабылбекова – 3:38:20

Расында да биылғы марафонында былтырғы нәтижемен салыстырғанда,  чемпион 1 минут ерте келді.

астана ер.jpg

10 шақырымдағы жеңімпаздар: 

Ерлер.

1-орын. Әлімжан Балтабек (Астана) — 33:08
2-орын. Әли Жанат (Астана) — 33:41
3-орын. Нұрбек Борин (Астана) — 34:37

«Бүгінгі уақыт көрсеткішім төмендеу. Оған себеп, алда Қазақстан чемпионаты келе жатыр. Сол жерде толық бабымда болу үшін, Астана марафонында дайындығымды пысықтадым. Ең үздік нәтижем — 31 минут. Рекордымды бұзбасам да, чемпион атанғаныма қуаныштымын» — деді, жеңімпаз Әлімжан Балтабек.

астана кыз.jpg

Әйелдер.

1-орын. Ольга Сауп (Астана) — 39:08
2-орын. Кристина Окладникова — 39:56
3-орын. Флорида Миниянова (Абай облысы) — 41:14

Ал марафон қашықтығында көрші Өзбекстаннан келген қонағымыз қарсылас шақ келтірмеді.

1-орын. Нодир Таниев (Өзбекстан) — 2:39:20
2-орын. Әкім Еркебаев (Астана) — 2:40:28
3-орын. Айдын Қасен (Қазақстан) — 2:48:32

«Бұған дейін 20-ға жуық марафонға қатыстым. Биылдыққа үшінші жарысым. Ташкентте 2 сағат 49 минутта жүгірдім. Артынша Қазанда (Ресей) 2 сағат 43 минут уақытын көрсеттім. «Астана марафонында» рекорд жаңартуға оңай деген соң, бірінші мәрте өнер көрсеттім. Нәтижесінде өз мансабымдағы рекордтық 2 сағат 39 минутта қашықтықты бағындырдым. Өте қиын болды. Желдің бағыты қатты кедергі келтіріп, тек 28-ші шақырымда ғана 1-орынға шықтым. Оған дейін өзге марафоншылармен қатар жүріп, желден қорғандым. Барлығы мен жақсы аяқталғанына разымын. Марафонда бірінші рет чемпион атандым. Оның Астана қаласында тіркелуі есімде қалатыны сөзсіз. Баршаңызға рақмет!» — деп, Өзбекстаннан келген Нодир Таниев алғысын айтты.

Әйелдер.

1-орын  – Гүлнұр Елемесова (Астана) — 03:01:15
2-орын – Әлия Тұранова (Астана) —03:06:08
3-орын – Айнұр Маликова (Астана) — 03:10:45

Жарыс соңында жеңімпаздар ақшалай жүлде мен медальмен марапатталды.

Қанат Байұзақов

Барлық жаңалықтар