00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Даниал Ахметов: Париж Олимпиадасынан 2 жүлде күтеміз

26.01.2024 | 11:15
85
Фото: дереккөз

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов Париж Олимпиадасы жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info

Бүгін Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде жеңіл атлетикадан World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Astanа Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық жеңіл атлетика турнирі қарсаңында баспасөз жиыны өтті. 

Жиын аясында Даниал Ахметов Париж Олимпиадасына қатысты өз ойын білдірді: 

Жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасында жүлде алу жоспары бар. 3 000 метрге кедергімен жүгіру сайысында әлем чемпионы атанған Нора Джерутодан үміт күтеміз.  Биіктікке секіру сайысында 2022 жылы жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая да жоғары нәтиже көрсетеді деп сенеміз.  Қазіргі сәтте кемі осы 2 спортшыны жүлдеген қатарынан көрінеді деп айта аламын, - деді Д. Ахметов. 

Айта кетейік, әзірше жеңіл атлетикадан спортшыларымызда бірде-бір лицензия жоқ.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар