00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордада әйелдер арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды

07.03.2024 | 04:44
99
Фото: дереккөз

Турнирде№2 қалалық көпсалалы ауруханасының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орын №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының командасына берілді. Үшінші орынды Астана IT университетінің қызметкерлері иеленді. Жарыс жеңімпаздары кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.

3b26b3bf-8d10-49b7-8a56-99b999fc1dd6.jpg

Жарысқа «QazExpoCongress» ҰК» АҚ, ҚР Ұлттық архиві, «Астана» халықаралық университеті, №9 қалалық емханасы, Қалалық психикалық денсаулық орталығы, «Green Clinic» ЖШС және «ULY DALA CLINIC» ЖШС-нің командалары да қатысты.

Іс-шара Есіл ауданының әкімідігі және Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясымен бірлесіп өткізілді. 

Барлық жаңалықтар