00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Run for Autism қайырымдылық жарысы өтеді

03.05.2024 | 10:34
120
Елордада «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтеді
Фото: Сұлтан Сейіт

18 мамырда Астанадағы Триатлон паркінде Run for Autism қайырымдылық жарысы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық ауқымдағы спорттық іс-шара 1 км, 2,5 км, 5 км, 10 км қашықтыққа жүгіруді ұнататындар үшін ұйымдастырылады. Оған денсаулық жағдайы бойынша жоғарыда аталған қашықтықтарды еңсере алатын 12 жастан асқан Астананың кез келген тұрғыны мен қонағы қатыса алады.

Жарыс 18 мамыр күні сағат 08:00-ден 11:30-ға дейін өтеді.

Жарыстың мақсаты – елдегі аутизм мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару және елордада бұқаралық спортты дамыту.

Қатысушыларды тіркеу 15 мамырға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Жарысқа қатысушылардың лимиті – 2 000 адам.

Басқа қатысушы үшін бастапқы пакетті алушының атына жеке куәліктің және сенімхаттың көшірмесін еркін нысанда ұсыну арқылы ғана алуға болады.

Барлық түскен қаражат инклюзивті білім беруді дамытуға, аутизмі бар балаларды қолдауға, «Әрбір бала мектепке лайық» жобасына бағытталатын болады. Жоба туралы толығырақ bolashakcharity.kz сайтынан көре аласыз, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар