00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Мадияр Құрамысов: 2 жолдама алуға тырысамыз

08.02.2024 | 11:26
79
Сурет авторы: Нұрғали Жұмағазы

Еркін күрестен ел чемпионатының деңгейін қалай бағалайсыз? 

Еркін күрестен 289 балуан 10 салмақта күресіп, жеңімпаздарды анықтады. Жақсы бәсекелестік болды. Олимпиадалық салмақтарға тоқталсақ. 57 келіде Ерасыл Мұхтарұлы жеңіс жолында осы салмақтың көшбасшылары Рахат Қалжан, Мейрамбек Қартбай сынды чемпиондарды ұтып кетті. Көрермендерге қызық болған 65 келіде де тартысты белдесулер болды. Нәтижесінде көпшілік ойламаған Майис Алиев топ жарды. Шымкент қаласының атынан сынға түскен ресейлік легионер Начын Куулар да жақсы өнер көрсетті. 

Ал Олимпиадаға кірмейтін 79 келіде Жетісу облысының жас балуаны Мағжан Жанырбай жақсы әсер қалдырды. Бұл спортшыны бұрыннан білемін. Бірақ осы чемпионатта басты фаворит Болат Сақаевпен жақсы белдесіп, 3-орын үшін таласта 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дәулет Ергештен басым түсті.

Бішкекте өтетін лицензиялық жарысқа баратын құрам анықталды. Қай салмақта мүмкіншілік жоғары? 

2 жолдама алуға тырысамыз. 74 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрқожа Қайпанов пен 97 келіде 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері Әлішер Ерғалидың өзге салмаққа қарағанда мүмкіндігі көп. Айта кетейік, финалға шыққан спортшылар ғана Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленеді.  

Нұрқожа Қайпанов үшін басты қарсыластар: 

Бұл салмақта тек жапон балуанының жоладамасы бар. 

Юнес Эмами (Иран) — әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері 

Бекзод Абдурахмонов (Өзбекстан) — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері 

Арсалан Будажапов (Қырғызстан) — әлем чемпионатының қола жүлдегері

Лю Фенг (Қытай)

Әлішер Ерғали үшін басты қарсыластар:

Моджтаба Голейдж (Иран) — әлем чемпионатының қола жүлдегері

Хабила Аюсейиман (Қытай) — Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Ганбаатарин Гангхуяг (Моңғолия) 

57 мен 125 келіде жолдама алу қиын. Ал 65 келіде мүмкіндігі төмендеу. Дегенмен барлық боз кілем көрсетеді.

65 келіде Начын Куулардың күресіне көрермендер сүйсінді. Алдағы уақытта ұлттық құрамаға кіре ме? 

Еуропа чемпионатының қола жүлдегері және т.б атақтары жетерлік.  Алайда оның күресі бұрынғыдай емес

Десе де, осы салмақтағы балуандарымыздан бір бас жоғары болса, халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік береміз.  

97 келі салмақта әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан финалда есе жіберді. Енді Париж Олимпиадасына қатыса алмай ма? 

Бішкектегі жарысқа чемпион ретінде Әлішер Ерғали барады. Егер жолы болмаса, Түркиядағы әлемдік іріктеу турнирге кім баратынын анықтай жатармыз.

                                                                                                           Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар