00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Париж Олимпиадасына арналған киім формасының дизайнына конкурс жарияланды

29.02.2024 | 03:23
94
Фото: дереккөзден

Киімдер салтанатты рәсімге және жаттығуға арналған жұптан тұрады. Конкурс кезінде келіп түскен жұмыстарды арнайы комиссия құрамы қарап, ортақ шешім қабылдайды. 

Жұмыс тобының қатарына Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, даңқты спортшылар мен БАҚ қызметкерлері кіреді. Олардың арасында Елдос Сметов, Серік Сапиев, Азамат Дәулетбеков, Жәмилә Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Әбиба Абужақынова, Анна Алябьева, Нұрбек Оралбай, Нұрсұлтан Тұрсынов бар.  Комиссия төрағасы – Спортты дамыту дирекциясының директоры Ерлан Естек.

Конкурс екі кезеңге созылады және әрбір кезең жеңімпазы ереже шарттарына сәйкес комиссия отырысында анықталады. Конкурс кезеңдері:

I кезеңде комиссия конкурсқа қатысушылар өтініштерін, материалдарын қабылдап, қарайды (2024 жылғы 28 ақпан 20:00-ден 10 наурыз сағат 18:30 дейін).

ІІ кезеңде конкурс жеңімпаздары анықталып, жарияланады (2024 жылғы 13-15 наурыз аралығы).

Барлық жаңалықтар