00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы құрылады

16.10.2023 | 14:00
65
Фото: ашық дереккөз

Ашық НҚА порталында «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Онда «Жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» құрылатыны туралы жазылды, деп хабарлады Elorda.info

«Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» кәсiпорнынан Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» кәсіпорынын бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын», - делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Бөлініп шығатын кәсіпорынға басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып Туризм және спорт министрлігі айқындалған.

Құжат 30 қазанға дейін көпшілік талқылауында болады.

Барлық жаңалықтар